Күнгей Мұқажанұлы
CN|2
Күнгей Мұқажанұлы 1929 жылы маусымында КХР, СУАР Алтай аймағы, Буырылтоғай ауданының Күнгейті деген жерінде дүниеге келген. Шешесі шешен болғандықтан, бала Күнгей де сөз өнеріне ерте талпынып, 15-16 жастан бастап айтысқа қатынасып, халық өлең-жырларын, дастандарын жатқа айтып көзге түседі. Ол 1942-1947 жылдары ауылдық бастауыш мектепті бітіреді де, 1950 жылы Алтай орта мектебін тәмамдайды. Содан 1950-1951 жылдары Үрімжіде кадрлар жетілдіру орнында ақпарат мамандығын оқиды. 1951-1962 жылдары “Алтай газетінің” редакторы болып, шығармашылыққа талпынады. Жазушының “Тың тірлік”, “Тайталас” (бұл еңбегі Ұйғыр, Қытай тілдеріне аударылған) повестері мен “Борандағы бала” атты әңгімесі ілгерінді-кейінді өлке дәрежелі жүлделерге ие болған. Автордың “Игілік” атты романы 1983 жылы Шын Жаң жастар-өрендер баспасында (Үрімжі), “Алтай әңгімелері” жинағы 1984 жылы Ұлттар баспасында (Пекин) басылған. Бұлардан басқа “Махаббатқа жол”, “Көкеннің би болуы”, “Өгіздің терісі”, “Қазақтың күй-дастандары”, “Қоржын”, “Қайта табысу”, “Әдебиетке дұрыс ниет керек” т.б. отыздай әңгіме, очерк, сахналық шығарма, әдеби сындары бар.
Марқұм Күнгей Мұқажанұлы тірі кезінде Қытай жазушылар қоғамының мүшесі, Шін Жаң өлкелік ауыз әдебиеті қоғамының орынбасар төрағасы, Буырылтоғай аудандық саяси кеңестің орынбасар төрағасы сындық қоғамдық жұмыстарды атқарған.
“Өр Алтай” тарихи роман. Шін Жаң халық баспасында (Үрімжі) 1997 жылы бірінші рет басылған.
