Сирек, архив бейнежазбалар

3 жазба

«Моңғол Халық Республикасы» атты деректі фильмнен үзінді

1951 жылы Моңғол Халық Республикасының 30 жылдық мерейтойына орай арнайы түсірілген «Моңғол Халық Республикасы» атты деректі фильм – дәуір тынысын бүгінге жеткізген құнды мұра. Сол бір салтанатты шақта елдің түкпір-түкпірінен жиналған өнерпаздар ұлы мерекенің көркін қыздырып, халық өнерінің мерейін асқақтатқан еді. Сол тарихи сәттен бізге жеткен қастерлі бейнелердің бірі – Баян-Өлгий аймағының ұлт-аспаптар оркестрінің домбырашы-әншісі, небәрі отыз жастағы Қибатдолда Жұмапиұлы. Қос ішектің қоңыр үнімен тыңдарманын тербеткен өнерпаздың жүзі – жастық жігер мен шығармашылық шабыттың айғағындай. Оның домбыра қағысы мен әуелеген әні сол кезеңдегі қазақ өнерінің айбынын айқындап тұрғандай әсер қалдырады. Кейін, 1960 жылы Ұланбатыр қаласында өткен Баян-Өлгий аймағы өнерпаздарының онкүндік декадасына қатысып, ел ықыласына бөленіп, «Халық әртісі» атағын иеленуі – сол жылдардағы қажырлы еңбегінің заңды жемісі еді. Бұл марапат – бір ғана өнер иесінің емес, тұтас аймақ өнерінің абыройы болатын. Уақыт жылжып, дәуірлер алмасса да, кинотаспаға түскен сол бір сәттер өшпейді. Олар – тарихтың үнсіз сөйлейтін куәгері. Қибатдолда Жұмапиұлының бейнесі де сол мұрағаттық кадрлар арқылы бүгінгі ұрпаққа аманат болып жетіп, өнердің мәңгілік екенін, ұлттық рухтың ешқашан көмескіленбейтінін айғақтап тұр.

2026 ж. 31 нау.0 көру

Баян-Өлгей. 1948 жылы

1948 жылы түсірілген «Біздің елде» атты деректі фильмнен алынған шағын ғана үзінді өткен дәуірдің тынысын сездіріп, сол заманның ел өмірінен үн қатқандай әсер қалдырады. Жаңадан ғана шаңырақ көтерген Баян-Өлгий аймағының еңбекші жұртын таныстырып, олардың тұрмыс-тіршілігін насихаттауға арналған бұл туындының бейне сапасы бүгінгі өлшеммен қарағанда әлдеқайда көмескі, көмкеріліп қалғандай көрінеді. Дегенмен, уақыт шаңы басқан сол кадрлардың өзінен елге таныс кейбір тұлғалардың бейнесін аңғарып, шамалап тануға болатын секілді. Фильмдегі оқушылар тобының арасынан кейіннен алғашқы хирург дәрігерлердің бірі атанған Уатқан Жарқынбайұлын көзім шалғандай болды. Болашақ маманның жас күнгі бейнесі — білімге ұмтылған шәкірт кейпінде — өткен мен бүгінді жалғап тұрғандай әсер етеді. Ал қолына кітап ұстап, шәкірттеріне сабырмен сабақ түсіндіріп тұрған тұлға Жапархан Рыстанұлы. Оның байсалды қимылы мен ұстаздық болмысы сол кезеңдегі ағартушылық рухтың айқын көрінісіндей. Қысқа ғана көріністерден құралған бұл фильм — сапасы көмескі болғанымен, уақыт қойнауынан жеткен құнды естелік. Ол тек тарихи дерек қана емес, өткен буынның еңбекке, білімге деген ықыласын, жаңа құрылған аймақтың қалыптасу жолындағы тынысын сездіретін рухани мұра іспетті ... © Ulken Pisha

2026 ж. 25 ақп.0 көру

Моңғолия 1967 жыл.«Аңшылық» деректі фильмінен үзінді

1967 жылы режиссері әрі операторы О.Уртнасан түсірген «Аңшылық» деректі фильмінен алынған бұл үзінді — уақыт қойнауынан жеткен құнды бір көрініс. Онда сол кезеңдегі Баян-Өлгий аймағының аңшы-бүркітшілер тобының бейнесі таспаға таңбаланып, өткен дәуірдің тынысын сездіретін естелік ретінде сақталып қалыпты. Бұл жазба тек аңшылық өнердің айғағы ғана емес, дала дәстүрін, саятшылық рухын кейінгі ұрпаққа жеткізетін көркем шежіре іспетті ... © Ulken Pisha Ulken 1.1948 жылы түсірілген «Біздің елде» атты деректі фильмнен алынған шағын ғана үзінді өткен дәуірдің тынысын сездіріп, сол заманның ел өмірінен үн қатқандай әсер қалдырады. Жаңадан ғана шаңырақ көтерген Баян-Өлгий аймағының еңбекші жұртын таныстырып, олардың тұрмыс-тіршілігін насихаттауға арналған бұл туындының бейне сапасы бүгінгі өлшеммен қарағанда әлдеқайда көмескі, көмкеріліп қалғандай көрінеді. Дегенмен, уақыт шаңы басқан сол кадрлардың өзінен елге таныс кейбір тұлғалардың бейнесін аңғарып, шамалап тануға болатын секілді. Фильмдегі оқушылар тобының арасынан кейіннен алғашқы хирург дәрігерлердің бірі атанған Уатқан Жарқынбайұлын көзім шалғандай болды. Болашақ маманның жас күнгі бейнесі — білімге ұмтылған шәкірт кейпінде — өткен мен бүгінді жалғап тұрғандай әсер етеді. Ал қолына кітап ұстап, шәкірттеріне сабырмен сабақ түсіндіріп тұрған тұлға Жапархан Рыстанұлы. Оның байсалды қимылы мен ұстаздық болмысы сол кезеңдегі ағартушылық рухтың айқын көрінісіндей. Қысқа ғана көріністерден құралған бұл фильм — сапасы көмескі болғанымен, уақыт қойнауынан жеткен құнды естелік. Ол тек тарихи дерек қана емес, өткен буынның еңбекке, білімге деген ықыласын, жаңа құрылған аймақтың қалыптасу жолындағы тынысын сездіретін рухани мұра іспетті ... © Ulken Pisha

2026 ж. 25 ақп.0 көру